payday loansPayday Loans
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы PDF Печать

Кафедра тарихы

Жұқпалы аурулар кафедрасы эпидемиология курсымен, балалар жұқпалы аурулары алғаш рет қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы базасында 1996 жылы ұйымдастырылған, 2008 жылдан бастап кафедра құрамына дерматовенерология пәні енгізілді.

Бірінші кафедра меңгерушісі ҚЖАА дәрігері м.ғ.к., доцент А.Д.Анарбаев болған, 1996-1997 жылдар аралығында кафедраны басқарған, әрмен қарай кафедраны басқарғандар:

1998-2001 ж. м.ғ.к., профессор  Балгимбеков Ш.А.;

2001-2007 ж. м.ғ.д. Егізбаев М.К.;

2007-2009 ж. м.ғ.к., доцент Өтепбергенова Г.А.

Өз уақытысында қызмет атқарып, оқу-әдістемемен қамтамасыз етуге өз үлесін қосқан, кафедраның құрылуына тәжірибелік ұсыныстар жасаған қызметкерлер:  м.ғ.к., доцент Байекеева К.Т., м.ғ.к. Қамытбекова К.Ж.,  м.ғ.к. Ходжабеков Б.Қ.  және ассистенттер  Диденко Т.В., Чичкина Н.А., Касымова Т.В., Төлепова Г.А.

2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап кафедраны м.ғ.к., доцент Абуова Г.Н. басқарып келеді. Кафедра құрамында жоғары тәжірибелік және педагогикалық стажы, жоғары және бірінші дәрігерлік санаты бар м.ғ.к. Патсаева Л.А., Тәңірбергенова А.Ж., Бердыкулова М.М.;  Бердалиева Ф.А., Нұрмашева А.А.; Нурбекова Г.А.; Сарыпбекова Л.Л.; м.ғ.к., доцент Анарбаев А.Д., Шопаев А.Ш.; Ережепов Б.А.; Оспанова З.А. Будесова Ж.У. сияқты оқытушылар қызмет атқарып келеді.

Кафедра оқулықтармен қамтамасыз етіледі:

1. «Жұқпалы аурулар және эпидемиология» пәні бойынша 2 курс «Мейірбике ісі» мамандығы, 2 кредит;

2. «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша 3 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы, 2 кредит;

3. «Инфекциялық бақылау» пәні бойынша 4 курс «Мейірбике ісі» мамандығы, 4 кредит;

4. «Эпидемиология» пәні бойынша 5 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы, 8 кредит;

5. «Жұқпалы аурулар», «Балалар жұқпалы аурулары» пәні, мамандығы ЖТД интерн;

6. «Жұқпалы аурулар» пәні, мамандығы «Терапия» интерн;

7. «Балалар жұқпалы аурулары» пәні, мамандығы «Педиатрия» интерн;

8. «Дерматовенерология» пәні, мамандығы ЖТД интерн;

9. «Эпидемиология және зерттеу әдісі» пәні, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратура;

10. «Эпидемиология және зерттеу әдісі» пәні, «Фармация» мамандығы бойынша магистратура;

11. «Эпидемиология және зерттеу әдісі» пәні, «Медицина» мамандығы бойынша магистратура;

12. «Балалар жұқпалы аурулары» пәні, «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентура;

13. «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша 3-4 курс акушер ісі, мейірбике ісі, фельдшер ісі, колледж факультеттері;

14. «Жұқпалы аурулар» пәні бойынша 3-4 курс акушер ісі, мейірбике ісі, фельдшер ісі, стом.дантисттер колледж факультеттері.

Кафедра ОҚМФА бакалавриат және колледж студенттеріне, магистранттарға, дәрігер-интерндерге, дәрігер білімін жетілдіру тыңдармандарымызға кафедра оқу үрдісімен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта ОҚМФА-ның жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының клиникалық базасы ҚЖАА-ның бас корпусының 1 қабатында және ОТВД-нің 1 қабатында орналасқан.

alt

Кафедра заманауи технологияларды қолдана отырып дәріс және тәжірибелік сабақт өткізу үшін жақсы оқу аудиториялармен қамтамасыз етілген, тәжірибелік дағдылар нақты аурухананың №1-10 бөлімдерінде және гепатоорталықта, сонымен қатар ОҚМФА-ның оқу-клиникалық, тренажер орталықтарында жетілдіріліп келеді.

Оқытушылар-профессорлық құрамында ғылыми-зерттеу және клиникалық жұмысы белсенді жүргізілуде: 2009-2010 оқу жылында 2 кандидаттық диссертациялар, 1 докторлық және 3 кандидаттық диссертациялар дайындалуда, инфекциондық патологиялар бойынша 2 оқу құралы шығарылды, студенттік үйірмелер ұйымдастырады, сонымен қатар кезекшілік, бақылау жүргізіледі, ҚЖАА бөлімшесінде ауыр науқастар кеңес алады, қаланың стационарларында, үнемі дәрігерлік-тәжірибелік, клинико-патологоанатомиялық  конференцияларда, ЕКК, инфекционистер одағының отырысында ат салысып, гепатомектепте дәрістер және семинарлар өткізіледі.

2011 жылдың мамыр айында кафедра базасында облыстың актуальді мәселесі Конго-қырымдық геморрагиялық қызбаға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарлануда.

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы

alt

 

 

Кафедра меңгерушісі
Абуова Гульжан Наркенқызы

м.ғ.к., доцент

 

 

 

 

 

Абуова Гульжан Наркенқызы, м.ғ.к., доцент, жоғары санатты дәрігер, жұқпалы аурулар және дерматовенерологии қафедра меңгерушісі. «Клинико-эпидемиологические особенности ВИЧ-инфекции в ЮКО на современном этапе» атты тақырыбымен медициналық ғылымдарының докторлық диссертацияға ізденушілік жұмысын жалғастыруда. Дәрігерлік стаж – 24 жыл, педагогикалық - 14 жыл. Инфектологияның негізгі бөлімдерінен  дәрістер циклін оқиды. Магистратура, интернатура, БЖФ тыңдармандарымен тәжірибелік сабақтар, семинарлар, дискуссиялар, дөңгелек үстелдер жүргізеді. Жұқпалы аурулар мамандығының ДБЖФ-ң тақырыптық және жалпы оқу бөлімдері бойынша оқу жоспарының авторы болып табылады. 45 ғылыми жұмыстың, 2 оқу құралының авторы.  ҚЖАА және қаланың басқа медициналық мекемелерінде кең түрде жұқпалы аурулардан науқастарға және пациенттерге кеңес береді, облыстық комитеттің отырысында медициналық көмек сапасы және бақылау жайында инфекциялық патологияда ауыр жағдайлардың сараптамаларын жүргізеді, облыстық инфекционисттер одағының белсенді мүшесі.

alt

 

Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4

 

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы

 

«Жұқпалы аурулар» пәнінен ОҚМФА бакалавриат және колледж студенттеріне, магистранттарға, дәрігер-интерндерге, дәрігер білімін жетілдіру тыңдармандарымызға кафедра оқу үрдісін қамтамасыз ету.

Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстары Білім және Ғылым министрлігінің нормативті құжаттары мен пәндердің типтік бағдарламаларына сәйкес, жыл басында бекітілген жүктемелер, өткізілетін ашық сабақтар кестесі, үйірме жұмыстарының кестесі, ғылыми жұмыстардың тақырыптары бекітіліп, сол бойынша жұмыстар істелініп отырады.

Оқу үрдісінің сапасын жоғарылату мақсатында кафедрада студенттердің білім және оқыту деңгейлерін жоғарылатуда жұмыстар атқарылып келеді.

Материалды-техникалық және кафедраның клиникалық базасының жақсаруы, оқыту барысында кафедра ПОҚ-ның заманауи инновациялық технологиялыр қолдануы, студенттердің білім деңгейінің жоғарылау жетістігіне жетеді («потфолио», оқу бейнематериалдары, электронды және басқа педагогикалық технологиялар.) оқулықтар, мультимедиялық проекторлар, слайдты-презентациялар, МДО

Кафедрада оқу-әдістемелік оқу құралдары «Конго-қырымдық геморрагиялық қызба», «Жұқпалы аурулармен ауырған науқастардың күтімі» дайындалуда.

alt

 

Кафедраның ғылыми-ізденіс жұмысы

Оқытушылар-профессорлық құрамында ғылыми-зерттеу және клиникалық жұмысы белсенді жүргізілуде: 2009-2010 оқу жылында 2 кандидаттық диссертациялар, 1 докторлық және 3 кандидаттық диссертациялар дайындалуда, инфекциондық патологиялар бойынша 2 оқу құралы шығарылды, студенттік үйірмелер ұйымдастырады, сонымен қатар кезекшілік, бақылау жүргізіледі, ҚЖАА бөлімшесінде ауыр науқастар кеңес алады, қаланың стационарларында, үнемі дәрігерлік-тәжірибелік, клинико-патологоанатомиялық  конференцияларда, ЕКК, инфекционистер одағының отырысында ат салысып, гепатомектепте дәрістер және семинарлар өткізіледі.

2011 жылдың мамыр айында кафедра базасында облыстың актуальді мәселесі Конго-қырымдық геморрагиялық қызбаға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарлануда.

Диссертациялық жұмыстың тақырыбы:

Медицина ғылымдарының докторы бойынша ғылыми ізденіс жұмысы

1. «Клинико-эпидемиологические особенности ВИЧ-инфекции в ЮКО на

современном этапе», 2010-2012 ж. Каф.меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Абуова

Г.Н.

Медицина ғылымдарының кандидаты бойынша ғылыми ізденіс жұмысы

1. «Клинико-патогенетические особенности микст-бруцеллеза.» 2010-2012 ж.  Асс. Бердалиева Ф.А.

2. «Усиление этиопатогенетической терапии больных хроническим бруцеллезом с помощью Трансфер Фактора», 2010-2011 ж.  Асс. Нұрмашева А.А.

Диссертация тақырыбы бойынша материалдарды жинау, өңдеу, баспадан мақалалар, тезистер және оқу құралын жазып шығару жұмыстары жалғасуда 2010-2011 ж., асс. Нурбекова Г.А.

Ғылыми тексеруді жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу.

2009-2011 жылдарында кафедраның ПОҚ «Адаптация новых технологий к эпидемиологическому надзору за карантинными и зоонозными инфекциями в Республике Казахстан» атты Республикалық ғылыми-техникалық бағдарламада жұмыс жасауға қатысуды жоспарлауда.

Сонымен ПОҚ ҒІЖ жалғастырылады:

1.     «Клинико – лабораторные и эпидемиологические исследования по изучению клиники, методов диагностики и лечения ВИЧ-инфекции». Каф.меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Абуова Г.Н.

2.     «Клинико-патогенетические особенности микст-бруцеллеза». Асс. Бердалиева Ф.А.

3.     «Изучение клинико-лабораторной эффективности биологически активных добавок к пище «Трансфер Фактор» и «Трансфер Фактор-плюс» при лечении первично -хронического бруцеллеза. Асс. Нурмашева А.А

4.     «Изучение многолетней динамики доли вирусного гепатита у детей в структуре общей заболеваемости населения большого города, современных особенностей эпидемиологии вирусных гепатитов у детей», Асс. Нурбекова Г.А.

 

3. Қатысу дәрежесін және өткізу деңгейін  көрсете отырып ғылыми, ғылыми-тәжірибелік, тақырыптық конференциялары, пән аралық семинарлары, олимпиадалары және де т.б. шараларды ұйымдастыру, өткізу және қатысу.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында кафедраның ПОҚ дәрігер-инфекционисттермен бірігіп 5 ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді:

1.      «ОКИ у детей» , 27.08.10, Бердыкулова  М.М.

2.     «Дифференциальная диагностика желтух», 15.09.10, Абуова Г.Н.

3.     «Современные аспекты клиники, диагностики и лечения  бруцеллеза» 20.10.10,Нурмашева А.А. ; Бердалиева Ф.А.

4.     «Энтеровирусные инфекции у детей »16.11.10, Танирбергенова А.Ж., Нурбекова Г.А.

5.     Современные  данные  клиники, диагностики и лечения   ВИЧ инфекции»,Абуова Г.Н., Сарыпбекова Л.Л.

-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция,  С.Д.Асфендияров атындағы КазҰМУ-нің 80-жылдығына орай ұйымдастырылған (тезистерінің жариялануы  - кафедраның ПОҚ);

·        Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Актуальные проблемы  и новые технологии  в медицине » 10-11.12.2010ж.Шымкент. (каф.меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Абуова Г.Н. «Современный взгляд  на вопросы диагностики и лечения  нейробруцеллеза» тақырыбына баяндама жасады);

·        Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция «Актуальные проблемы зоонозных , особо опасных инфекций  и клинической медицины в республики Казахстан». Актобе , 2010ж. (публикациялар  Абуова Г.Н., Нурмашева А.А., Тәңірбергенова А.Ж., Бердыкулова М.М., Нурбекова Г.А);

·        Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Перспективные разработки  науки и техники»7-15.11.2010ж.Польша.( публикациялар  - Абуова Г.Н., Нурмашева А.А.,Бердалиева Ф.А.);

·        Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Zpavy vedecke ideje-2010» Чехия , Прага, 27.10.-05.11.2010ж. ( публикациялар  - Абуова Г.Н., Нурмашева А.А.,Бердалиева Ф.А.)

·        Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция « Перспективные  вопросы мировой науки» 25.12.-27.12.2010ж.Болгария ( публикациялар  - Абуова Г.Н., Бердалиева Ф.А. )

4. Ғылыми қоғамдардың жұмысына қатысу.

·        Кафедра ПОҚ-ның облыстық инфекционисттер қоғамына қатысуы

·        Каф.меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Абуова Г.Н.  Облыстық клиникалық ауруханада гепатомектепте дәрістер оқиды және семинарлар өткізеді.

5. Ғылыми жұмысты жоспарлау және басылымы

2010 жылдың күнтізбелік жоспары бойынша 4 оқулық және оқу-әдістемелік құралдарын шығаруды жоспарлаған. Есеп жылы аралығында төмендегі оқулық және оқу-әдістемелік құралдары шығарылды:

1.     Оба.( оқу-әдістемелік құралы - Абуова Г.Н.)

2.«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы клиникасы, диагностикасы, емі, медициналық көмекті ұйымдастыру (әдістемелік құралы  – Абуова Г.Н.; Исмаилов Ж.К., Айнабек Ғ.А., Абдразаков А.У., Шопаев А.Ш., Ережепов Б.А., Өтепбергенова Г.А.    )

Қалған 2 оқу-әдістемелік құралдары академияның ОМК-не бекітуге ұсынылған.

Ғылыми мақалаларды баспаға шығару.  2010 жылда кафедра қызметкерлерінің -  45  ғылыми мақалалары және 10 тезистері жарыққа шыққан.

Каф.меңгерушісі, м.ғ.к. Г.Н.Абуованың  13  ғылыми мақаласы, 6 тезисі жарияланған.

Доцент, м.ғ.к. Л.А.Патсаеваның  5 ғылыми мақаласы жарияланған.

Ассистент М.М.Бердыкулованың 3 ғылыми мақаласы жарияланған.

Ассистент А.Ж. Тәңірбергенованың 7 ғылыми мақаласы жарияланған

Ассистент Г.А.Нурбекованың 1   ғылыми мақаласы және 2 тезисі  жарияланған

Ассистент  А.А.Нурмашеваның 8 ғылыми мақалсы, 2 тезисі жарияланған.

Ассистент Ф.А.Бердалиеваның 7 ғылыми мақаласы жарияланған.

Колледж оқытушысы Л.Л.Сарыпекованың 1 ғылыми мақаласы жарияланған

6. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кафедраның

материалды-техникалық базасын нығайту.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кафедраның материалды-техникалық базасын нығайту академия администрациясына берілген сұраныстар бойынша ( 2-  компьютер., 1-ноутбук , 1-мультимедиялық  проектор,  3/1-оргтехника: ксерокс, принтер, сканер; кафедра меңгерушісінің бөлмесінде ремонт жүргізілді және жиһаз жаңартылды).

7. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру:

Ғылыми студенттік үйірмесінің отырысын бір рет өткізу, 1 студентті ҒСК басшылық жасау, «Инфекционист» ғылыми студенттік үйірме отырыстарын өткізуін ұйымдастыру және басшылық жасау. Үйірме құрамына магистранттар, интерн терапевттер, интерн педиатрлар, интерн ЖТД, «МІ» мамандығы бойынша 2 курс бакалавр студенттері кіреді. Ай сайын СҒІЖ-ның жоспары бойынша үйірменің отырысы жүргізіледі. Оқытушылардың басшылығымен СҒҮ мүшелері баяндама, презентациялар, инфекциялық патология бойынша клиникалық талдау жасалады, магистранттармен 3 мақалалар жарияланған, жұқпалы ауруларда науқастардың ауру тарихы талданады,  жалпы қалалық форумда СҒҮ мүшелері Жастар СПИДке қарсы атты баяндама және презентациялар жасады, оның дайындығында белсенді атсалысты.

8. Академия факультетінің, кафедраның ғылыми жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныс.

Кафедраны заманауи диагностикалық құралдармен қамтамасыз ету, ПОҚ халықаралық конференцияларда баяндамалармен қатысуын белсендендіру, дәрігерлермен мақала мен тезистер жазуда санын көбейту, медициналық ұйымдарда ендіру актілерінің санын көбейту.

 

alt

Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасында біліктілікті жетілдіру және қайта даярлау циклдарына тапсырыс жоспары

 

Жұқпалы аурулар

1. «Острые респираторные вирусные инфекции и грипп с пандемическим течением: современное состояние проблемы, клинико-диагностические критерии, лечение и интенсивная терапия, профилактические и противоэпидемические мероприятия». БЖ, 1 апта 54 сағат, 17.01-22.01.2011ж.

2.     Инфекционные болезни (для врачей по специальности «Лечебное дело», «Педиатрия»). ҚД, 5 ай 1080 сағат, 31.01–18.06.2011ж.

3.     «Актуальные проблемы инфекционных болезней/ Ранняя и дифференциальная диагностика при инфекционных заболеваниях на догоспитальном и госпитальном этапах». БЖ, 4 апта 234 сағат,  07.02–05.03.2011ж.

4.     Проблемы детских инфекций. БЖ, 2 апта 108 сағат, 07.03-19.03.2011ж.

5.     «Проблемы ВИЧ-инфекции». БЖ, 2 апта 108 сағат, 28.03–09.04.2011ж.

6.     Современные проблемы особо опасных инфекций. БЖ, 2 апта 108 сағат,  18.04.-30.04.2011ж.

7.     Острые кишечные инфекции на современном этапе. БЖ, 3 апта 162 сағат, 02.05-21.05.2011ж.

8.     «Ранняя и дифференциальная диагностика при инфекционных заболеваниях на догоспитальном и госпитальном этапах».  БЖ, 2 апта 108 сағат,  23.05-04.06.2011ж.

9.     Инфекционные болезни (для врачей по специальности «Лечебное дело», «Педиатрия»). ҚД, 5 ай. 1080 сағат, 01.08–24.12.2011ж.

10.    Проблемы детских инфекций. БЖ, 2 апта 108 сағат, 12.09-24.09.2011ж.

11.    Инфекционная гепатология. БЖ, 2 апта 108 сағат, 26.09-08.10.2011ж.

12.    «Актуальные зоонозные инфекции человека». БЖ, 3 апта 162 сағат, 24.10-12.11.2011ж.

13.    «Инновационные технологии в диагностике и лечении инфекционных нозологий». БЖ, 1 апта 54 сағат, 28.11-03.12.2011ж.

Орта медперсонал

1.     «Инфекционный контроль. Роль медсестры в профилактике внутрибольничных инфекций». БЖ, 2 апта 108 сағат. Ай сайын, Денсаулық сақтау департаментінің ұсынысы бойынша

Дерматовенерология

1. Дерматовенерология. ҚД, 5 ай 1080 сағат, 01.08–24.12.2011ж.

2.     Актуальные вопросы дерматовенерологии, в том числе детской/Инфекционные заболевания в Дерматовенерологии. БЖ, 1 ай 234 сағат, 01.02–04.03.2011ж.

Орта медперсонал

1. Сестринское дело в Дерматовенерологии. БЖ, 2 апта 108 сағат, 02.05–

16.05.2011ж.

Кафедраның негізгі оқу-әдістемелік құралдары:

1.     Абуова Г.Н. АИЖВ –инфекция кезіндегі  оппортунистік инфекциялардың алдын алу, диагнозын қою және емін жүргізу. 2011 ж.

2.     Абуова Г.Н., Тәңірбергенова А.Ж., Нурмашева А.А. Трансмиссивті жұқпалы аурулар. 2011 ж.

3.     Абуова Г.Н., Утепбергенова Г.А., Нурмашева А.А. Конго-Крымская геморрагическая лихорадка. 2010 г.

4.     Өтепбергенова Г.А., Бердыкулова М.М., Нурбекова Г.А. Жұқпалы аурулармен ауырған науқастардың күтімі. 2010 ж.

5.     Абуова Г.Н. Жұқпалы аурулар бойынша дәрістер жиынтығы. 2010-2011 ж.

6.     Бердалиева Ф.А., Нурмашева А.А. Бруцеллез клиника, диагностика, лечение. 2010-2011 ж.

Тәрбие жұмысы

 

Кафедрада тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының білімін ұйымдастырудағы тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасына,  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясындағы тәрбие жұмысының жоспарына және  тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жүргізу бойынша нормативті құжаттары мен ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Кафедра отырысында тәрбие жұмысының жоспары талқыланып және топ тәлімгерлері бекітіледі.

Тәрбие үрдісінің мақсаты төмендегідей бағыттарға негізделген:

- белсенді өмірлік позиция;

- өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі нақтылау, бағалау ориентациясы;

- адами және рухани сапасын қалыптастыру.

Студенттер арасында тәрбие жұмысы өткізу барысында, кураторлық жұмыс маңызды орын алады.

Бұл бағыттар академиялық топ кураторлары жүзеге асыратын бірқатар басқару факторларымен айқындалады.

Кафедра оқытушылары топ тәлімгерлерінің жоспары бойынша әртүрлі шаралар өткізіп, кураторлық сағаттарда ҚР Елбасысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы әңгімеленеді.

Кураторлардың басшылығымен студенттер академияның жалпы өміріне белсенді араласып, барлық Республикалық және қалалық мерекелерге ат салысып келеді.

Тәрбие – жеке тұлға дайындау және жалпы өмірге міндеттерді атқару мақсатына ұмтылу үрдісі

 

Кафедра құрамы:

 

  1. Абуова Гульжан Наркенқызы – кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к.
  2. Патсаева Лейла Анапияқызы – доцент, м.ғ.к.
  3. Бердалиева Фарида Абдуллақызы – ассистент, оқу ісі меңгерушісі
  4. Бердыкулова Мария Мухамедияқызы – ассистент
  5. Тәңірбергенова Айнур Жылкайдарқызы – м.ғ.к.,  ассистент
  6. Нурмашева Алия Алпысбекқызы – ассистент
  7. Нурбекова Гульмира Ауелханқызы – ассистент
  8. Сарыпбекова Лаура Лесбекқызы – оқытушы
  9. Джанабаев Радик Тимерханұлы – ассистент
  10. Апсатарова Лаура Ербосынқызы – ассистент
  11. Ирсимбетова Нуржамал Абдувахапқызы – ассистент
  12. Ахбердиева Асель Абдилкадирқызы – аға лаборант
  13. Бимаханбетова Макпал Оразханқызы – лаборант
  14. Аманбаева Шолпан Исбасханқызы – лаборант
 

























Статистика

Мәліметтерді қарап шығу : 450625

Статистика

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін683
mod_vvisit_counterКеше859
mod_vvisit_counterОсы апта4872
mod_vvisit_counterӨткен апта5416
mod_vvisit_counterОсы айда29381
mod_vvisit_counterӨткен айда38340
mod_vvisit_counterБарлық күн294003

Онлайн: 5
Сіздің IP: 54.234.228.64
,
2014-10-31 23:21

Қазір сайтта

Қазір 16 қонақтар онлайн
Copyright © 2013 ЮКГФА.kz. All Rights Reserved.
cұрақ-жауап сайты Асмәзірі сайты